ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында таэквондошы Жансель Дениз ширек финалда қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстандық спортшы 67 келі салмақта Ұлыбритания өкілі Бьянко Уокденмен шеберлік байқасты. Қарсыласы үш дүркін әлем чемпионы атағын жеңіп алған.
Нәтижесінде Жансель қарсыласына 7:17 есебімен есе жіберіп қойды. Нәтижесінде жартылай финалға ұлыбританиялық спортшы шықты. Бьянко Уокден енді финалға берілетін жолдаманы Оңтүстік Корея өкілі Ли Да Бинмен сарпақа салады.
Айта кетейік, Жансель алғашқы кездесуінде өзбекстандық Светлана Осиповадан 10:9 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, бүгін қазақстандық Руслан Жапаров 80 келіде Германиядан келген Александр Бахманнан басым түсті. Ол ширек финалда Оңтүстік Корея өкілі Кё Дон Инмен шеберлік байқасады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.