Токио-2020: Ұйымдастыру комитеті боксшылардың жарыс кестесін ресми бекітті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Токио Олимпиадасының ұйымдастыру комитеті бокстан келесі жылы өтетін Олимпиада ойындарының кестесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Боксфедерациясы хабарлағандай, Токио Олимпиадасының ұйымдастыру комитеті боксбәсекесінің жарыс кестесін ресми түрде бекітті.

Олимпиадаойындарының басты додаларының бірі бокс бәсекесі 2020 жылдың 25 шілдесі мен 9тамызы аралығында «Кокугикан Аренада» өтпек.

Бірінші жарыскүні шаршы алаңда жартылай орта, жартылай ауыр және ауыр салмақтағы ерлер,сондай-ақ, жартылай жеңіл салмақтағы әйелдер шығады.

Ал финалдықбәсекелер 4 тамызда басталады. Турнирдің соңғы жарыс күні Токио ойындарыаяқталатын күнге тұспа-тұс келеді.

Естеріңізге салакетейік, осыған дейін Азия елдері үшін біліктілік турнирі қаңтар айындаҚытайда, ал екінші әлемдік турнир мамыр айының басында Олимпиада ойындарыөтетін Жапонияда өткізілетіні туралы хабарлағанболатынбыз.

Қазақстандықбоксшылар қатысатын Азиялық біліктілік турниріне ерлер арасында 41 лицензияжәне әйелдер арасында 22 лицензия ойнатылады. Ерлер арасында олар былайшабөлінеді: 52 кг-ға дейін, 57 кг-ға дейін және 63 кг-ға дейін салмақсанаттарында алты квота, 69 кг-ға дейін, 75 кг-ға дейін және 81 кг-ға дейінсалмақ санаттарында бес квота.

Ал, әйелдерарасында континенттік турнирде лицензиялар келесідей бөлінетін болады: 51 кгдейінгі салмақ санатында алты квота және қалған салмақ санатында төрт квота (57кг дейін, 60 кг дейін, 69 кг дейін, 75 кг дейін).

Әлемдік іріктеутурниріне континенталдық жарыстарда лицензия ала алмаған боксшылар қатысады.Оларға ерлер арасында Токиода өтетін Олимпиадаға 31-35 квота және әйелдерарасында 19-21 квота бөлінеді.