ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында сынға түсіп жатқан боксшы Василй Левит алғашқы кездесуінде жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстандық спортшы 91 келіде испаниялық Эммануэль Рейес Пламен жекпе-жекке шықты.
Тартысты бәсеке екінші раундта қазақстандық боксшының нокаутымен аяқталды.
Осылайша ол жарыс жолынан шығып қалды.
Ширек финалда испаниялық боксшы кубалық Хулио ла Круспен қолғап түйістіреді. Ол 2016 жылы Рио Олимпиадасында чемпион атағын жеңіп алған.
Олимпиадаға еліміздің атынан 9 боксшы барды. Оның 8-і ерлер, 1-і қыздар арасында сынға түседі.
Қазірге дейін Серік Теміржанов (57 келі), Закир Сафиуллин (63 келі) және Сәкен Бибосынов (52 келі) алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Ал бүгін Абылайхан Жүсіпов (69 келі) қарсыласына есе жіберіп қойды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.