Ұшақ Сеулге бету алуы керек болған. Алайда ұшу жолағына жақындаған лайнердің сол қанатындағы қозғалтқышы отқа оранды.
Экипаж жалынды байқап қалғанда-ақ әуе кемесінің қозғалысы тоқтатылды. Жолаушылар мен экипаж мүшелері эвакуацияланды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер шақырылды.
Аталған төтенше жағдайға байланысты әуежай уақытша жабылды. Kyodo.