25 адамнан құралған команда катермен Сенкаку аралдарына жақындап қалды. Токио губернаторы Исихара Синтаро аралдарға жапон бақылауын нығайту үшін оларды жеке меншік иелерінен сатып алмақшы.
Алайда Жапон билігі Қытаймен жанжалды ушықтырмау үшін токиолық команданың аралға аяқ басуына рұқсат бермей отыр.