Қарыз ретінде берілетін қаржы Жамбыл облысындағы Тараз-Қордай учаскесіндегі 20 шақырым жолды қайта жасау мақсатында Жапония үкіметінің Дамуға арналған ресми көмек бағдарламасы бойынша бөлініп отыр.
Аталған қарыздың бөлінуіне байланысты келісімге ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың үстіміздегі жылғы наурыздың 25-27-індегі Жапонияға жасаған ресми сапары барысында қол жеткізіліп, үстіміздегі жылғы тамыздың 9-10-ындағы Жапонияның Сыртқы істер министрі Кацуя Окаданың Қазақстанға сапары барысында қуатталған болатын.
Аталмыш келісімге қол қойылуы Қазақстанның жеделдете индустриялық-инновациялық даму стратегиясы аясында немесе басқа да инфрақұрылымды жобаларды іске асыруға қажетті маңызды қаржы көздерінің бірі болып табылатын ҚР мен Жапония арасындағы Дамуға арналған ресми көмек бағдарламасы бойынша жеңілдетілген йендік қарыз бөлу саласындағы ынтымақтастықтың жанданып отырғанының белгісі болып отыр.