- деді бейсенбі, 20 қыркүйек күні Бейжіңде, Қытайға жапондық өкілдіктің арнайы елшісі жіберілуі мүмкіндігі туралы ақпаратқа пікірін білдерген ҚХР СІМ-нің ресми өкілі Хун Лэй.
Бұдан әрі қытайлық дипломат «қазіргі уақытта жапондық тараптың шындыққа қарап, тараптармен қол жеткізілген өзаратүсіністік пен ынтымаққа барынша тезірек оралуы және әумесерлік салдарды нақты істермен жоюы маңызды» екендігін атап өтті.
Жапония үкіметінің аралдарды «сатып алатындығы» туралы ақпаратына тоқтала келе, қытай дипломаты Дяоюйдао архипелагы әу бастан қытайдың аумағы болып табылатындығын атап өтті.
«Жапондық тараптың іс-әрекеті Қытайдың аумақтық егемендігін бұзды және халықаралық құқық пен ҚХР-дың ішкі мемлекеттік заңнамалары негізінде заңсыз болып табылады», - деді Хун Лэй.
Естеріңізге сала кетейік, Қытайда жапондықтарға қатысты наразылық акциялары Жапония үкіметі 11 қыркүйекте жеке кәсіпкерден - жапондық отбасыдан 26,28 млн. долларға Дяойюдао архипелагы аралдарының 5-еуінің 3-еуін сатып алатындығы туралы жариялағаннан кейін басталды. Қытайдың билік өкілдері Жапониядан даулы аралдар бойынша өз шешімдерінің күшін жоюды талап етті.
Кеше ҚХР-дің мемлекеттік мұхит басқармасы «Дяоюйдао аралы - Қытайдың тарихи аумағы» анықтамалығы жарыққа шыққандығын мәлім етті.