Токио Олимпиадасы: Алтынға басты үміткерлер аталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы Серік Сәпиев ХХХІІ Жазғы Токио Олимпиадасында қазақстандық спортшылардан болжам бойынша 10 медаль күтіліп отырғанын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Олимпиадаойындарына дайындық жоспар бойынша жүріп жатыр. Қазіргі таңда спорттың 6 түрібойынша 10 лицензия қолда бар. Комитетке біздің ұлттық құрамаларды дайындаубойынша тапсырма беріп жатырмыз. Барлық лицензиялық сайыстар жоспарда. РиодағыОлимпиада деңгейіндегідей жетістікті төмендетпеуіміз керек. Менің ойымша,Қазақстанның спортшылары 10 медаль алады. Үшеуі алтын болса деген мақсат бар.Алтын алатындардың қатарына - Дмитрий Баландин, Елдос Сметов пен ОльгаРыпакованы жатқызар едім», - деді ол.

Айта кетсек,бұған дейін Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова 2020 жылы Токиодаөтетін 32-ші Жазғы Олимпиада ойындарына дайындық қалай жүріп жатқанын жеткізгенболатын. Оның айтуынша, лицензия таратылар алда 50 ірі спорттық сайыс бар.


Еске салар болсақ, Қазақстан құрамасы Рио-де-Жанейрода өткен XXХI Олимпиада ойындарында 3алтын, 5 күміс және 9 қола медаль иеленген болатын. Қазіргі уақытта жеңілатлетикадан Георгий Шейко мен Ольга Рыпаковада, велошосседен Евгений Гидичте,жүзуден Дмитрий Баландинде (екеу), ашық суда жүзуден Виталий Худяковта,садақпен атудан Санжар Мұсаевта, Денис Ганкин мен Рифат Абдуллинде Олимпиадаойындарының лицензиясы бар.

Соңғы жаңалықтар