«Лицензия иегерлерінің шамамен 80 пайызы вакцина салдырды, әлі де вакциналау жұмысы жалғасып жатыр», - деді Ерлан Қожағапанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Вице-министр біздің спортшылардың шекарадан өту мәселесі іс жүзінде шешілгенін атап өтті.
«Қазақстандық спортшылар қабылдаған негізгі вакцина – «Спутник V» болып отыр, сондай-ақ спортшылар жиын өтіп жатқан қалалар бойынша вакцина алып жатыр, кей жерде Pfizer, кей жерде AstraZeneca, ал енді бір жерде Moderna салғызуда», - деп түсіндірді Ерлан Қожағапанов.
Бұған дейін Мәдениет және спорт вице-министрі Қазақстанда 82 мың бала үйірме мен спорт секциясына тегін қатыса алатынын айтқан еді.