Токио Олимпиадасына дайындық қалай жүріп жатыр

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова 2020 жылы Токиода өтетін 32-ші Жазғы Олимпиада ойындарына дайындық қалай жүріп жатқанын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жапонияастанасы – Токиода өтетін 32-ші жазғы Олимпиада ойындарына бір жылдан аз уақытқалды. Олимпиадаға дайындық белсенді түрде жүріп жатыр. Осы жыл көлеміндеҰлттық құрамалар 28 лицензиялық Әлем чемпионатына, 19 Азия чемпионатына жәнебірнеше әлемдік іріктеу турниріне қатысуды жоспарлап отыр. Оларда Токиода өтетін Олимпиада ойындарынақатысу квоталары беріледі.

2020 жылы 3 әлем чемпионатына, 19 Азия, 18 әлемдікіріктеу турниріне қатысу көзделіп отыр. Олимпиада басталғанға дейінқазақстандық спортшылар лицензиялық және рейтингтік ұпайларды жеңіп алу үшінелуден астам әлем кубоктарында бақ сынайды, нәтижелері бойынша Олимпиадаойындарына қатысушылар анықталады», - деді Ақтоты Райымқұлова ОКҚ-да өткенбаспасөз мәслихатында.

Министрдіңайтуына қарағанда, жоспарланған старттардың нәтижелері бойынша 2016 жылғы Олимпиадағыдайлицензиялар санын жеңіп алу міндеттері қойылып отыр.

«Спортшыларымыздың халықаралық ареналар мен Олимпиада ойындарынанолжалы оралуларына тілектеспіз», - деді ол.

Ал Денешынықтыру және спорт комитетінің төрағасы Серік Сәпиевтің сөзіне құлақ ассақ,қазірдің өзінде қазақстандық спортшылардың қоржынында спорттың 6 түрі бойынша10 лицензия бар.

«Лицензияалғандардың қатарында Ольга Рыпакова, Дмитрий Баландин, Георгий Шейко, стендтіату спортының командасы бар», - деді ол.