Токио Олимпиадасына ең қымбат билеттердің бағасы қанша

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада және Паралимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті алдағы жылдың басты спорттық оқиғасына премиум санаттағы билеттердің бағасын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Жапониялық агенттіктің мәліметінше, Токиодағы жазғыОлимпиадаға сатылатын премиум санаттағы билеттердің ең қымбаты 6,35 млн иен(шамамен 60 мың АҚШ доллары) тұрады. Билет құнына жоғары санатты асмәзірі, ашылу және жабылу салтанатына кіру кіреді. Ұйымдастырушылар ең қымбатбилеттерді сатып алуға өтініштерді қабылдауды осы айдың соңында бастауды жоспарлапотыр. Ең толық жиынтықтағы билеттердің иелері 11 олимпиадалық жарысқа кіреалады. Оларға жеңіл атлетикадан - финал, ерлер арасында 100 және 400 метргеэстафета жатады.

Премиум-билеттің иегерлері мейрамханалыққызмет кіретін керемет лаундж-зонаға орналасып, Олимпиада ойындарын тамашалайтынболады. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар 1,8 млн иенге тек ашылу және жабылусалтанатын тамашалауға мүмкіндік беретін билеттерді ұсынады.

Жапонияның шамамен 5,12 млн тұрғыны 2020 жылғы24 шілде мен 9 тамыз аралығында өтетін Олимпиада ойындарына билеттерді сатыпалып қойған.

ТатьянаКудренок

Соңғы жаңалықтар