«В» тобында сынға түскен қазақстандықтар тұсаукесер матчты Грекия құрамасына қарсы өткізген болатын. Аталған матчта қазақстандықтар 5:13 есебімен қарсыласқа жол берді.
Біздің құрама сапынан Анастасия Еремина, Дарья Рога, Айжан Ақылбаева, Виктория Хританковалар мергендігімен көзге түсті. Қазақстан командасы келесі ойынды Венгрия құрамасына қарсы өткізеді.
Кездесу ертеңге жоспарланған.Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан қыздар құрамасы Олимпиада жолдамасына таласатындығы туралы хабарлаған болатынбыз.