«Отандық спортта дәстүрлі түрде күш сарапқа түсетін және жекпе-жек түрлеріне көбірек сенім артатынбыз. Ал Токиодағы Олимпиада ойындарында басым бағыттар сәл өзгерді. Спортшыларымыз лайықты өнер көрсетіп жүрген жаңа түрлер пайда болды. Бокстан, күрес түрлерінен, дзюдодан, жүзуден медаль күтеміз», - деген комитет басшысы өткен жазғы ойындарда алтын медаль алған Дмитрий Баландинге ерекше сенім артылып отырғанын жеткізді.
«Ол дайындалып жатыр, әзірлігі өте жақсы. Жақсы өнер көрсетеді деген үміт бар. Велоспорт, ауыр атлетика, гимнастика және таэквондо, шыңға өрмелеу спортшыларының сәтті өнер көрсетуін күтеміз. Каратэден де жақсы мүмкідігіміз бар екенін айтқым келеді», - деді Андрей Крюков.