«Ережелерді сақтамау, оның ішінде тестілеуден бас тарту, ұсынылған қызмет жоспарына кірмейтін жерлерге бару немесе маска киюді немесе әлеуметтік қашықтық шараларын әдейі елемеу тәртіптік жаза қолдануға әкелуі мүмкін», — деп еске салады плейбук құрастырушылары.
Токио Олимпиадасы 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында өтуі керек еді. Пандемияға байланысты жарыстар бір жыл кейінге қалдырылып, 2021 жылдың 8 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді.
20 наурызда ұйымдастырушылар ойындарды шетелдік жанкүйерлерсіз өткізуге шешім қабылдады.