Былтыр Ойындардың уақытын өзгерту туралы шешім қабылданғанға дейін бұған қатысатын делегациялардағы адамдар саны 180 мың болатыны шамаланған.
Кеше агенттік, сондай-ақ Жапония үкіметі Токио Олимпиадасында шетелдік көшбасшылар мен министрлердің өз елдерінің спортшыларымен кездесуге тыйым салуды көздеп отырғандығын мәлімдеді. Бұл шаралар коронавирус таралуының алдын алу мақсатында енгізіледі. Бұдан бөлек, Ойындардың ұйымдастырушылары егер жарысқа қатысушы елдің президенті келсе, ресми делегациялардың санын 12 адамға дейін, ал министрі келетін болса, онымен бірге жүретіндерді бес адамға дейін қысқартпақ.
Шетелдік мемлекет басшылығының өкілдеріне Жапонияда максималды түрде аз уақыт болу, қоғамдық көлікті пайдаланбау және Токио қаласының сыртына шықпау ескертілетін болады.