Токио Олимпиадасында спортшыларды аптап ыстық күтіп тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония билігі 2020 жылы жазғы уақытқа өтуді кейінгі қалдыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды «Асахи симбун» газеті.

Алғашқыда спортшылар мен көрермендерді аптап ыстықтан құтқару үшін Токиода Олимпиада ойындарының ашылуына қарай сағат тілін ауыстыру жоспарланған болатын.

Олимпиада ұйымдастыру комитеті мәлім еткендей, жоспарға егжей-тегжейлі талдау жасағаннан кейін бұл идеядан бас тартуға тура келген. Себебі, Жапониядағы барлық жүйелерді 2020 жылға қарай жаңа уақытқа ауыстыру қиындық тудырған.

2018 жылы жазда Жапонияда аптап ыстық болды. Елдегі ең жоғары температура 41,1 градусқа жетті. Ол 23 шілдеде Кумагай қаласында тіркелген. Атап ыстық салдарынан 80 жапондық қайтыс болған.