НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылғы Токио Олимпиадасының басталуына бүгін тура 400 күн қалды, деп хабарлайды қазАқпарат тілшісі.
Төрт жылдық басты дода 2020 жылдың 24 шілдесі мен 9 тамызы аралығында ұйымдастырылады. Онда спорттың 33 түрінен 339 спорттық оқиға өтеді деп жоспарлануда.
Токио-2020 Олимпиадасында 42 спорт нысаны жұмыс істейді. Бүгінге дейін 24 нысан жұмыс істеп тұр, 10 уақытша нысан және 8 жаңа нысан салынады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.