ТОКИО. ҚазАқпарат - Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан VI Паралимпиадада 26 тамызда екі қазақстандық спортшы сайысқа түседі , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін парапауэрлифтингтен жарыстар басталады. Онда екі қазақстандық ел намысын қорғайды.
Қазақстандық спортшылардың ойын көрсету кестесі (елорда уақытымен):
Парапауэрлифтинг. Әйелдер. 45 келі. 13.30 - Алина Солодухина
Парапауэрлифтинг. Ерлер. 54 келі. 15.30 - Давид Дегтярев
Дүбірлі дода 24 тамыз және 5 қыркүйек аралығында өткізіледі. Аталған жарыста еліміздің атынан барған 26 спортшы спорттың 7 түрінен сынға түседі.
Қазақстандық спортшылар 1996 жылдан бері Жазғы Паралимпиада ойындарына қатысып келеді.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы сапынан екі спортшы жүлдеге қол жеткізді. 2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында Зульфия Габидуллина еркін әдіспен 100 метрге суға жүзуден чемпион атанды.
Сол жолы тағы бір қазақстандық Раушан Қойшыбаева пауэрлифтингтен әйелдер арасында 67 келіде күміс жүлдегер атанды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.