Жарыста барлығы 15 медальдар жиынтығы сарапқа салынады.
Токио төрінде ел намысын 2 спортшы қорғайтын болады. Олар: Михаил Макеев пен Әйгерім Ауылбек, деп жазады Массагет.кз.
Михаил (77 келі) 19 маусым күні, Әйгерім (53 келі) 17 маусымда жарыс жолына шығады.
Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінің жалауы Тайландтың бас шаһары - Бангкокта желбіреген болатын. Сол жарыстан Қазақстанның ауыр атлеттері 3 алтын, 1 күміс және 2 қола медальды қоржынға салып, командалық есепте үздік үштіктің қатарынан көрінген еді.