NHK телеарнасының хабарлауынша, ер адам микроавтобустан түсіп, ғимаратқа қарай бес-алты бөтелке Молотов коктейлін лақтырған. Ешкім зардап шеккен жоқ, бөтелкелердің бірі полиция көлігіне тиген.
Осыдан кейін ер адам премьер-министр резиденциясының қоршауын жұлқылап, түтінді зат лақтырған. Полиция оны ұстап, әрекетінің себебін анықтап жатыр.
Билік партиясының штаб-пәтеріне шабуыл 27 қазанға белгіленген парламенттік сайлауға сегіз күн қалғанда жасалған. Сайлау Либералды-демократиялық партиядағы жемқорлыққа байланысты жанжал мен партия жетекшісінің ауысуына байланысты мерзімінен бұрын өтеді.
Осыған дейін Жапонияның ұзақ жасайтындар саны жағынан рекордты жаңартқанын жаздық.