Шабуыл жасаған жас жігіттің жергілікті тәулік бойы жұмыс істейтін дүкендердің бірінде ұсталғаны хабарланды. Ер адамның өзі дүкен қызметкеріне пойызға шабуыл жасағанын айтқан, артынша супермаркет қызметкері полиция шақырған.
Бұған дейін хабарланғандай, Токионың Сэтагая ауданында «Одакю» теміржол тармағында пойыз жолаушыларының бірі кенеттен пышақ алып шығып көрінгенге сілтей бастаған, артынша аялдамалардың бірінде жүгірген күйі пойыздан шығып кеткен.
Соңғы мәліметтер бойынша, оқиға салдарынан барлығы 10 адам зардап шеккен, кейбіреулері пышақ жарақатын алған, ал кейбіреулері шабуылдаушыдан қашқан кезде құлап жарақаттаанған. Барлығы тоғыз адам ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің ешқайсысының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Нақтыланған мәліметтер бойынша, бір әйел ауыр жарақат алған, ес-түссіз халде жатыр.
Пойыздың барлық жолаушысы эвакуацияланды, осы бағытта қозғалыс уақытша тоқтатылды. Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтауды жалғастыруда. Пойыздың өзінен шабуылдаушы лақтырған пышақ және оның түсіріп алған ұялы телефоны табылды.