Токиодан сәлем - Димашты жапон жанкүйерлері Қазақстанның туын ұстап, қазақша ән шырқап күтіп алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әнші Димаш Құдайбергенді жапониялық жанкүйерлері әуежайдан Қазақстанның туын ұстап ерекше құрметпен қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әншінің өзі Іnstagram парақшасында күншығыс еліне келген сәтінің видеосын жариялады. Шағын үзіндіден Димаштың жапониялық жанкүйерлері қаншалықты көп екенін аңғаруға болады.

«Жапонияға аман- есен келдік. Концертте көріскенше...», - деп жазды әнші.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Димаш Құдайберген қараша айында Токиодағы концертке байланысты жапондық көрермендеріне сәлем жолдаған болатын.

Әнші Жапония астанасы Токиода өтетін ABU TV Song фестивалінде өнер көрсетеді.