«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 2019 жылдың 30 қаңтарындағы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес, ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті «Эйр Астана» әуе компаниясын Нұр-Сұлтан - Токио - Нұр-Сұлтан бағытындағы тұрақты рейстерді орындау үшін Қазақстан Республикасының әуе тасымалдаушысы ретінде бекітті», - делінген таратылған ақпаратта.
Айта кетерлігі, Қазақстан мен Жапония аралығындағы тікелей рейстерді ашудың құқықтық негізі 2016 жылдың қараша айында қалыптасқан болатын. Оған сәйкес, Қазақстан мен Жапония әуе компанияларының әр тараптан аптасына 14 рейске дейін орындау мүмкіндігі бар.
«2019 жылдың екінші жартысында «Эйр Астана» әуе компаниясы Токиоға тікелей рейстер ашуды жоспарлап отыр. Ұшу жиілігі аптасына 2 рейс Boeing 767 ұшағымен орындалады», - деді комитеттен.