NHK телеарнасының деректеріне сәйкес, All Nippon Airways авиакомпаниясының Boeing 767 жүк ұшағы ұшу-қону жолағында Jet Star компаниясының Airbus A320 жолаушылар ұшағының қанатын соғып өткен, оқиға кезінде лайнерде жолаушылар болмаған. Соқтығысу салдарынан Airbus A320 ұшағының сол қанаты зақымданды.
Телеарна оқиға 11 желтоқсанда болғанын атап өтеді, алайда ол жайлы бір апта өткеннен кейін ғана белгілі болды. Ақпараттың уақтылы БАҚ-та жарияланбау себептері әзірге белгісіз.