11:00, 16 Сәуір 2009
Тоқтағұл ГЭС-індегі қуаттың төмендеуі алматылықтарды жарықсыз қалдырды
АСТАНА. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат – Кеше сағат 21.00-де Қырғызстандағы Тоқтағұл су-электр стансасында қуаттың күрт төмендеп кетуі салдарынан Алматы-500 қосалқы стансасының қуат тарататын желісі сөніп қалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осының нәтижесінде Алматының жекелеген аудандарының тұрғындары үшін электр қуаты мен ыстық су жеткізілімі тоқтатылды. Дегенмен бұл аудандарда ауызсу проблемасы болған жоқ. Қазіргі уақытта электр желісін қосу жұмыстары жүргізілуде, бұл жұмысқа «Қалалық электр желісі» кәсіпорнының арнайы бригадасы: 40 адам мен 20 техника жұмылдырылып отыр.