"10 желтоқсанда БШМ 2-нің кабелі үзіліп қалды. Соның кесірінен қысқа тұйықталудан қорғау жүйесі жұмыс істеп кетіп, ол жеке қажеттіліктерді бөлгіш құрылғының (КРУСН) 2 секциясын тоқсыздандыруға алып келген 6 кВ секциялық өшіргішін іске қосты. Осының салдарынан жылу қазандығының жұмысы тоқтап қалды.
19:00-де жылу қазандығы қайта іске қосылды. 20:00-де жылу температурасы 73 градусты көрсетіп тұрды. 23:00-де жылу температурасын қалыпты көрсеткішке дейін жеткізу жоспарланған" делінген хабарламада.