«2016 жылғы 1 ақпанда Астана қаласы Алматы ауданы №2 аудандық соты ҚР ҚК 297-бабы 3-тармағы 3-бөлігі, 266-бабы 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Т.Д.Төлешовке қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын санкциялау туралы қолдаухат қарады. Сот талқылауында ол аса ауыр және ауыр қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғаны анықталды», - делінген хабарламада.
Іс материалдарын зерделеген сот қамау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы қолдаухатты қанағаттандыруды жөн санады.
14:15, 03 Ақпан 2016
Тоқтар Төлешов 2 айға тұтқындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Террорлық қауіп-қатерді талдау орталығы» өкілдігінің басшысы Тоқтар Төлешов 2 айға тұтқындалды, деп хабарлады Астана қалалық сотының баспасөз қызметінен.