"Тоқтар Жүсіпұлы Төлешовті ҚР Қылмыстық кодексінің 265-бабы, 3-тармағы бойынша 11 жылға; 266-бабы, 3-тармағы бойынша мүлкін тəркілеумен қатар 10 жыл бойы коммерциялық мекемелерде басшылық қызметін атқару құқығынан айыра отырып, 10 жылға; 179 бап, 3 тармағына сəйкес 15 жылға; 182 бабы, 3 бабына сəйкес мүлкін тəркілеумен қатар бес жыл бойы коммерциялық жəне жауапты ұйымдарда бес жылға дейін басшылық қызметін атқару құқығынан айыра отырып, 15 жылға; 367-бабы, 2-тармағына сəйкес мүлкін тəркілеумен қатар 3 жылға бас бостандығынан айырып; Қылмыстық кодекстің 296-бабына сəйкес мемлекет пайдасына 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде түзету жұмыстарына жегу; 387-бабы, 1 тармағына сəйкес, мемлекетке 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақша қайтаруға міндеттелсін. Қылмыстық кодекстің 58-бабы 4-тармағына сəйкес, жоғарыдағы баптарды қоса отырып, Тоқтар Төлешовті мүлкін тəркілей отырып, 21 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылсын",-деді судья.
Тоқтар Төлешов жазасын қатаң режімдегі колонияда өтейтін болды. Сондай-ақ, судья Төлешовті "полковник" дәрежесінен және ҚР Президентінің қаулысымен берілген "Құрмет" орденінен айырады.