Тоқтар Төлешовтің екі түйесі де тәркіленді
"Тоқтар Төлешовтің заңсыз жолмен тапқан мүліктері, атап айтқанда 30 ірі қара мал (оның 11-і асыл тұқымды мал), екі түйе, Түркістан мен Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан жер телімдері; «Митцубиси», «Тойота», «Бентли», «Шевроле», «Тойота Ланд Крузер 200», BMW, «Мерседес" маркалы көліктер, «Шевролет» маркалы тоғыз көлік, «Порш Кайен», «Тойота Камри», Vw Passat,«Тойота Прадо», «Инфинити», «Тойота Камри» машиналары мен 2011 жылғы Rolls-Royce пен 2015 жылғы Лексус-250 көлігі тəркіленсін.
Сондай-ақ зергерлік бұйымдар да мемлекет пайдасына тəркіленсін. Зергерлік бұйымдар жасайтын 22 нысан тəркіленсін. Төлешовтің, Оразгүл Жұмабаеваның, Надя Есенбаеваның, Сәуле Сауқанбаеваның, Дина Нұрəлиеваның банктік карточкаларындағы ақша, 183 дана зергерлік əшекей бұйымдар, айғақ ретінде тәркіленген ер адамның сағаты; Досамбаевадан тəркіленген 50 мың доллар, 18 мың доллар, 855 еуро, 1370 рубль 15 лир және 91 мың өзбек сомы мен 5 281 теңге тəркіленсін",-деді судья.