«Тоқтоғұлдан» қосымша су аламыз – Мағзұм Мырзағалиев

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтың халық алдындағы есептік кездесуінде оңтүстік өлкелердегі су тапшылығы мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің алдымызда су балансын сақтау, суармалы жерлерді 1 млн 600 мың гектардан 3 млн гектарға дейін ұлғайту үшін жаңа ирригациялық жүйелер салу, су шаруашылығы инфрақұрлымын жаңғырту және реконструкциялау, цифрландыру, су үнемдеу, кадрлармен қамтамасыз ету және тағы басқа да міндеттер тұр», - деген ведомство басшысы елдегі судың 45 пайызға жуығы Қытайдан, Орталық Азия мен Ресейден ағып келетінін еске салды. Дегенмен елдегі су тапшылығын шешу бойынша тек Қырғыз елімен ғана нақты келісімге қол жеткізілген.

«Қазір судың аз циклына тап болдық. Осыған байланысты вегетациялық кезеңді өткізу үшін көрші елдермен нақты жұмыс жүргізіп жатырмыз. Қырғыз елімен қосымша су алу туралы келістік. Маусым-тамыз айларының арасында Тоқтоғұл су арнасынан қосымша 330 млн текше метр су ағызылады. Бұл көлем Өзбекстан аумағы арқылы өткізу туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Сондай-ақ, тәжік және өзбек тараптарымен бірлесіп, «Бахри Тоджик» су қоймасының жұмыс режимі бойынша келісімдер жүргізілуде. Осыны ескере отырып, ақпан-наурыз айларында Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге өңірлерге барып, диқандармен кездесу өткіздік. Су шарушалығында қалыптасып отырған жағдай туралы мәлімет беріп, суды көп қажет тетін дақылдардың көлемін азайтуды ұсындық», - деді мағзұм Мырзағалиев.


Соңғы жаңалықтар