Оқиға Прато қаласында болған. Өрт фабрика жұмысшыларына арналған жатақханадан шыққан. Ол кезде ғимарат ішінде 11 адам болған. Отқа оранған фабрика Қытай кәсіпкерлеріне тиесілі. Жергілікті билік өкілдері Италияның солтүстік және орталық бөлігінде заңсыз жұмыс күшінің аса көп шоғырланғанын айтып отыр. Дегенмен өрттен қай ел азаматтары көз жұмғандығы белгісіз.
12:00, 02 Желтоқсан 2013
Тоқыма фабрикасының өртенуінен 7 адам қаза тапты
АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат - Италияда тоқыма фабрикасы өртеніп, 7 жұмысшы көз жұмып, тағы 4 кісі ауруханаға жеткізілді, деп жазады 24.kz.