АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапония астанасы Токио қаласында каратеден рейтингтік турнирде қазақстандық спортшылар екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, «Токyo Open 2018» бәсекесінде қазақстандық спортшылар бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды.
Атап айтар болсақ, 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сабина Захарова күміс медальға қол жеткізсе, 84 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Игорь Чихмарев үздік үштікке енді.
Сондай-ақ, 50 келіге дейінгі салмақта Әсел Серікова мен 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Ермак Айназарова жетінші орын иеленді.
Фото: www.olympic.kz
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.