Төлеби ауданында полицияның фронт-офисі ашылды – Түркістан облысы

Фото: None
ТӨЛЕБИ. Қазақпарат – Түркістан облысының Төлеби ауданында полиция қызметкерлерінің заманауи үлгідегі фронт-офисі ашылды. Кеңсе қызметкерлері өз кезегінде аудан азаматтары үшін тиімді қызмет көрсетіп, халықпен кері байланыс жасауға мүмкіндігін бермек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеңсенің ашылу салтанатына облыстық Полициядепартаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков пен аудандықполиция қызметкерлері, аудан әкіміБауыржан Омарбеков пен сот өкілдері, ішкі істер органдарының ардагерлері менаудан тұрғындары қатысты. Өңірдің бас полицейі өзінің алғы сөзі мен құттықтауынжеткізіп, аталған кеңсенің заманталабына сай компьютерлік техникалармен және жиһаздармен толығымен жабдықталғанынатап өтті. Азаматтарды қабылдауға барлық жағдай жасалып, бейнебақылау жүйесітартылғанын жеткізді.


«Полиция жұмысын оңтайландыру мен 54 пунктен тұратынжол картаның 27 пунктінде қарастырылған фронт-офистерді ашу бүгінгі күніқарқынды түрде жүзеге асырылуда. Сонымен қатар халық игілігі үшін жәнеполицияның ашықтығын көздейтін халықтық кеңсе таңғы сағат 9:00-ден кешкі сағат20:00-ге дейін жұмыс істейтін болады», - деді облыстық ПД бастығы ҚайратДәлбеков.


Айта кетейік, фронт офисте аудан тұрғындары полиция саласына қатысты мәселелерін айтып,қабылданған арыздар бойынша сұрақтары мен өтініштерін арнайы мамандарға жолдайалады. Санаулы уақыттарда шешілуіне мүмкіндік беріледі. Арнайы полициямамандары азаматтарға түсіндірмелер мен кеңестер беріп, мәселелерін жеделқарайды. Оны тікелей фронт-офисте орналасқан жергілікті полиция қызметінің,әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері, анықтаушылар, тергеушілер жәнекөші-қон қызметі тобының мамандары орындайды.


Еске сала кетсек, бүгінгі күнге дейін Түркістаноблысы Полиция департаментінің тікелей ықпалымен өңірде 10-нан астам фронт-офисашылып, тұрғындарына кедергісіз қызмет көрсетуде.

Соңғы жаңалықтар