Төлеби ауданының Біркөлік ауылы, «Бәйшешек» лагерінде өткен семинар «Еріктілер корпусын дамыту» тақырыбында өрбіді. Екі күндік басқосу облыс аумағында ерікті жастардың жасақтарын дамыту мен жергілікті тұрғындардың әлеуетін арттыруға ықпал ету, мұқтаж адамдарға риясыз ерікті көмек көрсету және адам қызметінің ерекше үлгісін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Жастарды іс-шараға тарту арқылы ұйымшылдыққа, көшбасшылыққа және топпен бірлесіп жұмыс жасауға машықтандыруға бағытталды. Семинар-тренинг барысында Түркістан қаласының ТЖБ бас маманы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Р. Ордабек төтенше жағдайдың алдын алу бойынша «Өрт қауіпсіздігі» жайлы түсіндіріп өтті. Жастарға сонымен қатар «Улы газдан уланудың алдын алу», «Жылыту маусымындағы қауіпсіздік» тақырыптарында кеңінен айтылып өтт. Шара соңында жастар мамандарға сұрақ қойып, оған тиісті жауаптар берілді.