Аталған баспаналардың 17-сі – Леңгір қаласында, 2-і – Киелітас, 22-сі – Сұлтан-Рабат, 1-і – Ынтымақ ауылдарында салынуда. Қазіргі таңда 22 үйдің шатыры жабылып, терезесі орнатылған. Ішкі электр желісін, жылу жүйелерін жүргізу мен ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Баспаналардың жалпы аумағы 2640 шаршы метрді құрайды. Үйлердің құрылысын 9 мердігер мекеме жүргізуде.
Айта кетейік, Төлеби ауданында ағымдағы жылдың 13 мамыр күні қатты жауын-шашын салдарынан өзен арналарынан асып, бірнеше үйді су басқан еді. 42 үй жарамсыз деп танылған.