Аталған жайт полицейлердің бірден назарына алынды.
Төлеби ауданының тәртіп сақшылары жан-жақты тексеру амалдарын жүргізіп, оқиғаның мектепте болғанын анықтады.
Нәтижесінде аталмыш мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарына ҚР ӘҚБтК 458-бабы «Қазақстанның Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын пайдалану, сондай-ақ Қазақстанның Мемлекеттік Гимнін пайдалану және орындау тәртiбiн бұзу» бойынша хаттама толтырылды.
Сонымен қатар әйелге мемлекеттік рәміздердің маңызы және заң аясында қорғалатыны қатаң ескертілді.
Еске сала кетейік, мұның алдында аталған мектептің директорына сөгіс жарияланғанын хабарлаған едік.
Фото: t.me/POLICE_of_KZ