Төлебилік кәсіпкер тау бөктеріне құлпынай егіп, табысқа кенеліп отыр
17:56, 06 Қыркүйек 2019
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында төлебилік кәсіпкер тау бөктеріне құлпынай егуді қолға алды. Алғабас елді мекенінің тұрғыны Қанат Жиенбаев бос жатқан жерге жемістің осы түрін егіп, мол табысқа кенеліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жеке кәсіпкер 2015 жылдан бері бос жатқан 70 соттық жерінің 50 соттығына тамшылатып суғару әдісін пайдаланып, құлпынай көшеттерін отырғызған. Аталған шаруашылықта қажеттілікке қарай 4 адамнан 12 адамға дейін жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып, күніне әрқайсысына 2200 теңгеден төлеуде.