«Бұл жолдау халыққа жақын жолдау деп бағалаймын. Өйткені, Президент Үкімет мүшелерімен тікелей дидарласып, түйткілді мәселелерді төтесінен қойып, оған қатысты түйдек-түйдек тапсырманы беріп отырды. Бұл тұрғыда басты назарда әдеттегідей халықтың әл-ауқатының өсуі, тұрмыстық жағдайы болып отыр. Өз басым Елбасының әр жолдауын қалт жібермей, қадағалап отырамын. Парламентте депутат болғанда да талай мұқият тыңдадым. Әрқайсының өз ерекшелігі бар, көтерер ауыр жүгі бар. Бұл жолғысының ерекшелігі министр, әкім, түрлі ведомство басшылары арқылы тікелей байланыс болды», - деді Төлеген Мұхамеджанов Елбасы кітапханасында еліміздің дарынды жастарына арналған семинар-тренингтегі кездесуде.
Автор: Қанат Әуесбай