2016 жылы мұндай несиелердің үлесі жылдың соңында 15,7% болса, жыл басында 17% болған.
«2017 жылы нашар несиелер үлесі бірқалыпқа келді. Бірақ орта есептен жоғары тұрған банктер де бар. Нашар несие портфелінің келтіретін залалы туралы жылдың екінші тоқсанында айтуға болады», - деді Бірінші несие бюросының бас директоры Руслан Омаров.
Оның айтуынша, төленбеген мерзімі 90 күннен асып кеткен несиелер саны көбейіп келе жатыр.
«Мұндай несие көлемінің үлесі өткен жылғымен салыстырғанда 6,8 %-ға артып отыр», - деді Руслан Омаров.