«Сәлеметсіздер ме! Бүгін Сбербанк бөлімшесінде болдым. Онда несием бар. Айтпағым, олар несие төлемегендердің барлығына өсімпұл жазып жатыр. Қазақстандық банктер төтенше жағдай режимі кезінде несиенің уақытын өткізіп алғаны үшін айыппұл салуды тоқтатқан еді ғой. Назарда болсын! Пайдаланушыдан», - делінген Instagram-пабликке шыққан жазбада.
«Сбербанктің» хабарлауынша, бұл – жалған ақпарат. Банктің клиенттерді қолдау қызметінің мәліметінше, қазіргі кезде уақытылы өтелмеген несиелер үшін өсімақы есептелмейді.
«Қаңтар айының соңына дейін несие бойынша өсімақылар мен айыппұлдар есептелмейд»і, – деді «Сбербанктен».