Жұмыс сапарын Төлеутай Рақымбеков Ө.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми зерттеу институтын аралаудан бастады.
Сонымен қатар, үміткердің штабы арнайы көрмені, жатақханаларды, химиялық талдау зертханасын тамашалады.
Қазақ инженерлік институтында президенттікке үміткер Төлеутай Рақымбеков сайлаушылармен кездесіп, сұрақтарына жауап берді.
Ол Қазақстанның агороөнеркәсіп кешенін дамытуды ұсынды. Сонымен қатар жол, су, электр қуаты, байланыс, интернет мәселесі өзекті екенін жеткізді. Жиналғандар үміткерге алаңдатқан сұрақтарын қойды.
Алматы облысында Президенттікке үміткер "Қаскелең" агропаркін, ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізу орталығын аралап көрді. Әрбір нысанда Төлеутай Рақымбеков өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды.