«Жастар ауылды қолдайды» деген атпен өткен іс-шарада қазіргі жастар мәселесі, оның ішінде жұмыссыздықпен күрес, баспанамен қамту және ұлттық құндылықтарды сақтау төңірегінде сөз болды.
Спикерлер Төлеутай Рақымбековтің бағдарламасында ауыл жастарына жағдай жасау жөнінде жан-жақты қамтылғанын сөз етіп, урбанизацияның салдары шағын елдімекендердің жойылуына әкелуі мүмкін екенін айтты.
Жиында бұған қоса Төлеутай Рақымбековтің сайлауалды тұғырнамасында айтылған отбасылық құндылықтарды сақтау жайы да қызу талқыланды. Қазіргі жаһандану дәуірінде оның маңызы зор екенін атап өтті жиналғандар.