Төлеутай Рақымбековтің Республикалық қоғамдық штабының төрағасы Әли Бектаев ұлттық тағамдарды өндірудің ғасырлардан бері келе жатқан дәстүрі мен қалыптасқан технологиясы барын, оны жаңа технологиялармен ұштастыра білу керектігін айтты.
«Сағып» шаруа қожалығы күніне жүздеген литр қымыз өндіріп, көрші өңірлерді дайын өніммен қамтамасыз етеді. Тіпті, экспортқа шығаруды да бір жолға қойған. Енді өндіріс әлеуетін одан сайын арттыруды көздеп отыр.
Еске сала кетейік, ҚР Президентінің сайлауы 9 маусым күні өтеді. Сайлауға 7 кандидат тіркелді.