Т. Рақымбековтің сенімді өкілдері Шымкент қаласында ұйымдастырылған мерекелік концертте жиналғандарға кандидаттың сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы айтты. Шараға қала тұрғындары, жастар қатысты.
Еске сала кетейік, ҚР Президентінің сайлауы 9 маусым күні өтеді. Сайлауға 7 кандидат тіркелді. Қазіргі таңда кандидаттар жұртшылықпен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Авторы: Әлихан Асқар