Байқауға аудан белсенділері, ақындар, әншілер - барлығы 148 адам қатысты. Кеш барысында ұйымдастырушылар «Ауыл» партиясы атынан сайлауға түсіп отырған үміткер Төлеутай Рахымбековтің сайлауалды бағдарламасымен танысты.
Қазылар алқасының шешімімен бірінші орынды Кентау қаласынан Жұпаргүл Бекшораева, екінші орынды Отырар ауданынан Жолдас Шархан, үшінші орынды Амантай Қылышбек алды. «Ауылым - әдемі» өлеңін үздік оқығаны үшін №17 мектеп-гимназиясының оқушысы Дарын Кейкіге «Құрмет дипломы» табысталды.
Алматы облысында концерт ұйымдастырылды. Шараға жақын аудан тұрғындары мен «Ауыл» ХДПП мүшелері қатысты. Концерттік бағдарлама туған өлкеге арналған әндерге толы болды. Ақындар өз өлеңдерін оқыды. «Ауыл» партиясының өңірлік филиалының төрағасы К.Б.Бекиев пен Алматы облысындағы штаб жетекшісі К.Е.Исаева тұрғындарды алдағы 9 маусымда өтетін сайлауға белсенді қатысуға шақырды.
Айта кетейік, 11 мамырда Қазақстанда президенттікке кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихаты басталды. ҚР Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Президенттігіне үміткер 7 кандидатты тіркеді.
27 мамырда ҚР Президенттігіне үміткер Жамбыл Ахметбековтің сенімді өкілдері Тараз қаласының белсенді жастарымен және «Тараз қ. Қазақстан Коммунистік жастар одағының» өкілдерімен кездесті.
Президенттікке үміткер Дания Еспаева мен сайлауалды штаб жетекшісі Азат Перуашев Нұр-Сұлтан қаласындағы гуманитарлық-заң колледжінде жас сайлаушылармен кездесті. Оқытушылар мен студенттер үміткердің сайлауалды бағдарламасымен танысты.
Әміржан Қосанов штабының белсенділері төрт өңірде кездесулер өткізді.
Сәдібек Түгелдің белсенділері өнер және қолөнерден мастер-класс ұйымдастырды. Төлеутай Рахымбековтың қоғамдық штабы 300-ге жуық іс-шара өткізді. 28 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы Түркістан облысында болды.