60 келі салмақта өнер көрсететін Қасымхан финалда ресейлік Кира Леоновамен кездесті. Үшінші раундта төреші қазақстандыққа нокдаун санады. Осыған қарамастан спортшымыз 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Толғанай Қасымхан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстанға екінші «алтынды» әкелді. Бұған дейін өз салмағында Аяжан Сыдық (54 келі) турнир чемпионы атанған болатын.
Сондай-ақ бүгін Қазақстан құрамасынан 66 келі салмақтағы Айсұлу Мұхит, ертең ұлдар арасында Нұрасыл Төлебек (54 келі) ақтық сынға шығады.