Бұйрық жобасында халық арасында игерілуі мен қажеттілігін ескере отырып, қабылдау квоталары қайта қаралды.
Бұл ретте, ҚР Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан азаматтары үшін қабылдау квоталарын азайту жоспарланған, яғни 5 пайыздан 3 пайызға дейін азаяды. Ал кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін осы квотаны 1 пайыздан 3 пайызға ұлғайту ескерілген.
Аталған құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында 14 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр.
Еске салсақ, былтыр көпбалалы отбасы балалары арнайы квотамен оқуға түсе алатынын жазған едік.