«Өзіңіз Алаштың анасына балаған Сыр өлкесінің, қасиетті Қызылорда халқының ыстық сәлемін ала келдім. Бүгінгідей шуақты мерекеде жүздесу, дидар-ғанибет болу біз үшін айрықша мәртебе, зор қуаныш деп білемін. Рұқсат етсеңіз, ақынға қара сөзден өлең оңай дейді. Бүгінгі аяулы мерекеде жүрекжарды жырымды оқып берсем:
Жан болып өстім ибалы, жетелеп игі ой-арман.
Отанның сұлу дидары, нұрына таңның боялған.
Ерке өстім еркін елде мен, аялап азаттығымды.
Паш етім барлық жерге мен, жасампаз қазақтығымды.
Ана боп және тіл қаттым, сәбидің даусын естіген.
Болашағымыз да үн қатты, уілдеп ағаш бесіктен.
Отанның мәңгі тұғыры, тау-тасы, көлі орманы.
Баланың бейбіт ғұмыры, ананың асыл арманы.
Арманды сол бір тіледім, ақиқат қылған жолдасын.
Қазақтың әрбір жүрегін, Тәуелсіз қылған Елбасым.
Алып та туар анадан, тәмсілді осы ойға алдым.
Елбасын туған дара адам, анадан Сіздің айналдым.
Отанды ұлы байтағым, Көркейткен Сізге арысым.
Иіліп рахмет айтамын, ұрпағым үшін, бәрі үшін», - деді ақын.
«Ақын қыздарымыздың жолымен жүріп келе жатырсың. Табысты бол, әруақытта өркенің өссін! Шабытың таси берсін!», - деп тілегін білдірді өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев Толқын Қабылшаға.