ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінен мәлім еткендей, қазақстандық Милад Карими қол тіреп секіруден қола жүлдегер атанды. Ол украиналық Игорь Радивилов пен түркиялық Әділ Әсемге есе жіберіп, үздік үштікке енді.
Айта кетейік, Хорватиядағы турнирде Милад Карими қоссырықтан – екінші, еркін жаттығудан бірінші орын иелен болатын. Ал гимнастикалық кермедегі жаттығуда оған төртінші орын бұйырды.