Том Круз кинематографияны дамытқаны үшін «Оскар» алады
АСТАНА. KAZINFORM – 62 жастағы актер және продюсер Том Круз кинематографияны дамытқаны үшін «Оскар» сыйлығын алады.
Бұл туралы америкалық кинематография өнері және ғылым академиясы хабарлады.
«Орындалмайтын миссия», «Соңғы самурай», фильмдерінің жұлдызы сыйлыққа төрт рет ұсынылған.
- Биыл Governors Awards керемет зор мансабы мен біздің кинематографиялық қоғамдастығымызға деген адалдығы зор әсер етіп келе жатқан төрт танымал азаматты таңдайды, - деді академия президенті Джанет Янг.
Сонымен қатар «Оскар» сыйлығын әнші Долли Партон, актриса Дебби Аллен мен қоюшы-суретші Уинн Томас алады.
Oscar мүсіні Governors Awards академиясының 16-шы іс-шарасында, яғни 2025 жылдың 16 қарашасында, жексенбі күні беріледі.
Осыған дейін «Оскарды» енді ЖИ көмегімен түсірілген фильмдер алуы мүмкін екені туралы жаздық.